Балалық шақ
en • 3:54
Текст песни
Бөке өзенінде , балық аулап дала көлден. Сағындым тау тасыңды дала кезген. Қураған талды ат қылып мініп алып, Құйындатып жарысқан дала желмен. Шырылдауық шегірткені қуаладық. Тұзақпен шортан аулап өзенді жағаладық. Таңнан кетіп үйімізден күнге күйіп, Аш құрсақ асқазанға қарамадық. Тау мен сай ойдан қырдан жиналамыз. Күресіп үлкен кіші мәз боламыз . Қызарған тізе, шынтақ жарасына, Түкіріп топырақты ем қыламыз. Біздің ол бала күнгі темекіміз. Жылқының құмалағын шегетінбіз.) Жартастың басында ұсталып бірлі жарым, Үлкендерден шапалақ көретінбіз. Ештеңеде уайым жоқ бала жастық. Төбелесіп кей кейде жылап алдық. Қыстың күні болғанда дөң басынан, Шаңғы, шана мінгесіп ап сырғанадық. Командамен бөлініп доп та тептік. Жарысып қорғасыннан ләңі тептік. Осылайша өзіңнен балалық шақ, Алыстап жылдар бойы мәңгі кеттік.