Creatorry.Music
ОткрытьПриложение
Жатақхана
Неизвестный исполнитель•2 месяца назад

Жатақхана

en • 4:54

Создать песню
Жатақхана
Неизвестный исполнитель
•2 месяца назад

Жатақхана

en • 4:54

0:004:54
Создать песнюСоздать

Текст песни

Жатақхана. Жатақхана! Жатақханаа!!! ***************************** Алуан түрлі болады ғой баспана, Қажет дүние кәріге де, жасқа да. Соның бірі жатақхана деген жер, Өмір онда ерекше де, басқа да. Түсінеді оны студент жас қана. Көбінесе, бес қабаттан тұратын, Жалғыз есік кіретін де, шығатын. Бола қалса туған күні біреудің, Бүкіл этаж басын сонда сұғатын. Және бәрі сол бөлмеге сиятын. Дәлізі оның кең де емес кеңседей, Қағып-соғып өтетін жұрт еңселей. Бес қабатта дәретхана төртеу ақ, Тұра сала жүгіртетін өршелей, Шайды түнде ішкен кезде өлшемей. Кеш батқанда басқа өмір басталып, Жатақхана жанданатын, жақсарып. Бір этажда болса әшейін ерегес, Бір этажда болып жатар төбелес, Төбелесу мұнда тіптен сөз емес... Бұза қалса егер біреу кеш шырқын, Дереу оған араласар қыз-қырқын. Жігіттердің "ой, әкеңі" тоқтайтын, Басу айтып, өтінгенде қыз, шіркін, Қызға құрмет құдіреті бұл мүмкін? Жатақхана сәні еді сол арулар, Шырқалатын ән еді, сол арулар. Әндетем деп аяғында сәндетіп, Отау құрған құрбы-достар тағы бар, Олар біздің арамызда әлі бар. Махаббатын жолықтырып алғашқы, Талай жұптың болашағы жалғасты. Кейбіріміз таптық дос пен жолдасты, Осындағы он сегіз бен жиырма үштен, Артық санар едің, досым, қай жасты? "Ақсақалдар" дегендер де болатын, "Щеголдардың" қанын тәуір "соратын". Түнделетіп дүкендерге баруды, Бұлжымайтын міндет етіп қоятын, Тіл алмаса жаудай қырып, жоятын... Әттең, жылдам, өтті-кетті бәрі де, Сол бір күндер көз алдымда әлі де. Орнында жоқ жатақхана бұл күнде, Бөгет болды екен, шіркін, ол кімге, Достар, мұндай ессіздікті көрдің бе? Бес жыл бойы паналаған сол үйдің, Орнын көріп ортаяды көңіл тым. Қай ақымақ пайдасына асырып, Талқан етті өткенімнің төрін кім? Белгісі еді-ау студенттік өмірдің. *****************************

Жатақхана

Жатақхана

Неизвестный исполнитель

0:004:54